Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мамыр айындағы отырысында білім мен ғылымды дамыту мәселелері негізгі тақырып болды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев білім және ғылым жүйесі үшін маңызды тапсырмалар берді.
:small_blue_diamond:Педагогикалық мамандықтарға түсетін абитуриенттерге қойылатын талаптарды арттыру және стипендия мөлшерін 42 мың теңгеге дейін ұлғайту тапсырмасы берілді.
:small_blue_diamond:Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңге мөлшерінде болып отыр. Бұл – барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғары стипендия.
:small_blue_diamond:Сондай-ақ докторанттардың стипендиясы 102 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өсті.
:link: Толығырақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің парақшасынан оқи аласыздар: