Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның құрамына Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері, оның ішінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері кірді.

Республикалық комиссияның шешімі бойынша конкурс талаптарына сәйкес келмейтін 30-дан астам жоо 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоо-лардың тізімінен алып тасталды. Байқауға барлығы 108 жоо қатысты. Мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жоо-лардың саны қысқарды.

Тапсырысты орналастыру кезінде ескерілген критерийлер: жоо-ны білім беру бағдарламалары бойынша аккредиттеу, түлектердің жұмысқа орналасуы, бағдарламалардың сапасы және жоо-ның «Атамекен» ҰКП рейтингіндегі позициясы.