Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Халықаралық қыздар күні бүкіл әлемде 11 қазанда атап өтіледі. Аталған мерекені 2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен.

Бұл күн қыздар бүкіл әлемде тап болатын мәселелерді шешу қажеттілігіне көңіл бөлуге арналған. Сондай-ақ мереке қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды және кеңейтуді ынталандыруға үндейді.

Елімізде 18 жасқа толмаған 2,8 миллионнан астам қыз бала бар. Қазіргі таңда қыздардың қоғамдағы құқықтарын толыққанды қорғау үшін барлық жағдай заңнамалық тұрғыда қарастырылған. Жыл сайын мереке аясында еліміздің барлық білім беру ұйымында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, оқушылар мен ата-аналар үшін балалардың денсаулығын қорғау және олардың құқықтық тәрбиесі бойынша мамандар (педиатр, заңгер, психолог, әлеуметтанушы) тегін консультация береді. Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары үшін сынып сағаттары өткізіледі.