Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Жаңа 2020-2021 оқу жылында 3,3 млн оқушы, 466 мың колледж студенті және 600 мыңнан астам жоғары оқу орындарының студенті білім алады.

Бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды.

Бастауыш сыныптарда 1 миллионнан астам бала оқиды, олардың 60%-ы кезекші сыныптарда оқуды бастады.

Елімізде 7 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді, олардың 3 мыңға жуығында 1-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастады.

Шамамен 2,6 млн оқушы жаңа оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастады.

Жаңа 32 мектеп ашылды, жыл соңына дейін тағы 77 білім беру ұйымы пайдалануға беріледі.

Мектептерде 10 258 жас маман жұмысын бастады.