Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Бюджет қаражатын сапасыз жоспарлағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысында 6 лауазымды тұлғаға қатысты шара қолданылды, олар: білім бөлімдерінің басшылары, бас бухгалтерлер және экономистер.

Жамбыл облысында 5 лауазымды тұлға жазаланды.

Қарағанды облысында білім бөлімінің бас бухгалтері, Павлодар және Ақмола облыстарында білім бөлімдерінің бас экономистері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысында инклюзивті сыныптарда өткізген сабақтары үшін педагогтердің еңбекақысын төлемеу фактісі анықталды. Білім бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта өңірде мұғалімдер алдындағы қарыз толық өтелді.

Педагогтердің еңбекақыларын уақтылы төлемеу фактілеріне жол бермеу мақсатында БҒМ облыс және аудан әкімдеріне және өңірлік еңбек жөніндегі инспекцияларына тиісті хаттар жолдады.