Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

«Әліппе» оқу бағдарламасын тілтанушы ғалымдар, әдебиеттанушылар, әдіскерлер мен педагогтер әзірледі, сондай-ақ осы бағытта үлкен тәжірибесі бар өткен жылдардағы «Әліппе» бағдарламалары мен оқулықтарының авторлары да тартылды.

Оқу бағдарламасын әзірлеуде қазақ халқының белгілі ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізге алынды.

Енді 2021-2022 оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары алғашқы екі тоқсанда «Әліппе», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Ана тілін» оқитын болады.

Сондай-ақ орыс тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылынан бастап алғашқы екі тоқсанда «Букварь», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Обучение грамоте» пәндерін оқитын болады.

«Букварь» оқулығын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы да өз жұмысын аяқтап, оқу бағдарламасы бекітілді. Енді бұл оқулық бойынша да апробация жүргізіледі.