Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

«Әліппенің» бағдарламасы бірнеше мәрте талқыланып, әртүрлі сала бойынша мамандардың ой елегінен өткізіліп, пысықталды.

А.Байтұрсынұлының тағы бір негізгі принципі жеңілден-ауырға, қарапаймнан-күрделіге қарай, тілді үйреткен кезде ең алдымен дыбыстауға дағдыландыру, содан кейін әрбір дыбысты таңбалайтын әріптерге үйрету.

Осы тұрғыдан «Әліппенің» бағдарламасы әзірленген кезде әріптерді оқыту тәртібін анықтау үшін тілтанушы ғалымдар жүзеге асырған лингво-статистикалық зерттеу нәтижелері тиімді пайдаланылды.

Бірақ, лингво-статистикалық зерттеу нәтижелері қазіргі қазақ тілінің алуан түрлі стильдік кесіндісіндегі әріптердің жиілігін анықтайды. Ал, 1-сыныпқа барып, әріпті жаңа танып отырған бала ондай мәтіндермен бірден таныс болмайды. Сондықтан да олардың жиілігіне реттеу жасалды.

Анар Фазылжанова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры