Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/akimdik-granttaryn-tagayyndau-konkursyna-kuzhattar-kabyldau-merzimi-uzartyldy_a3683984

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдік гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау мерзімі үзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

«Достар, жақсы жаңалық! Жергілікті атқарушы органның (әкімдік) гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі 18 тамызға дейін ұзартылды. Егер жалпы грант бойынша түспеген болсаңыз, онда бұл мүмкіндікті өткізіп алмаңыз. Сәттілік!», делінген орталықтың Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетсек, 2020-2021 жылғы оқу жылына 2540 әкімдік гранты бөлінген.