Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/promezhutochnye-itogi-pyatogo-dnya-ent?lang=kk

Бүгін, 25 маусым Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 12 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қалада орналасқан 67 ҰБТ өткізу пунктінде өтті. Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 9 568, орыс тілінде – 2 372.

91 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқан үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.

Тестілеуге кіргізу барысында бір түлектің температурасы жоғары екені анықталып, осыған байланысты ол тестілеуге жіберілмеді. Тестіленуші ҰБТ-ны басқа күні сауыққан соң тапсыра алады. Жалпы, Ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеу қалыпты режимде өтті.