Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

21 маусым мен 1 шілде аралығында еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. Биыл тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде өтініштер қабылданды: 131 754 өтініш тіркелді, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы биылғы мектеп түлектері.

Тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1%-ы ҰБТ-ға қатысты. Шектік балды жинаған талапкерлер саны – 82 154, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады.