Дереккөз: @edu_news_qz ҚР Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан.

26 маусым күні тестілеу еліміздің 14 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 80 ҰБТ өткізу пунктінде өтті. Тестілеуге қатысқан 14 768 түлектің 11 223- і қазақ тілінде, 3 535-і орыс тілінде тапсырды.

75 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 54 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қалыпты режимде өтті.