Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/ubt-nyn-altynshy-kuni-129-tulektin-test-natizhesi-zhoyyldy_a3666488

«26 маусым күні ҰБТ еліміздің 14 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қаладағы 80 пунктіде өтті. Тестілеуге жалпы 14 768 түлек қатысты, оның ішінде 11 223 адам – қазақ тілінде, 3 535 адам – орыс тілінде тест тапсырды. 75 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ 54 түлек тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды», – делінген ҚР Білім және ғылым миинстрлігінің хабарламасында. Айта кетейік, ҰБТ-ның бесінші күні 133 түлек тест тапсыру құқығынан айырылды. ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады .