Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Биыл «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.

Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады.

9 жыл ішінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн.

Толығырақ Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың Facebook-тегі жеке парақшасынан оқи аласыздар:
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=611295029541738&id=100019837397965