Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.
Қазақстан Республикасы білім беру саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін – Мұғалімдер күнін жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтеді. Дәстүр бойынша Мұғалімдер күні қарсаңында еліміздің үздік педагогтерінің есімдері анықталады.
Қызықты фактілерге көз жүгіртсек.
1994 жылы ЮНЕСКО шешімімен 5 қазан Дүниежүзілік мұғалімдер күні болып жарияланды. Бұл күні 1966 жылы мұғалімдер үшін маңызды оқиға болды: ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы білім беру қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы алғашқы халықаралық құжатты – “Мұғалімдердің жағдайы туралы” ұсынымды қабылдады.
Қабылданған құжатта мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері, оларды алғашқы даярлау мен біліктілігін арттырудың, жұмысқа қабылдау мен еңбек жағдайларының халықаралық стандарттары бекітілген.
Сонымен қатар 1997 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы жоғары оқу орындары оқытушылар құрамының мәртебесі туралы ұсынымдар қабылдады.