Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Бүгін, 2 қазан сағат 11:00-де Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді. Мерекелік жиын барысында “Үздік педагог-2020” байқауының жеңімпаздары анықталады. Үздік педагогтер 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен және төсбелгілермен марапатталады.

Марапаттарды тапсыру рәсімі әр өңірде жеке ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, сондай-ақ “Хабар 24” республикалық телеарнасы арқылы Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 11:00-де көрсетіледі.