Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Математика бойынша PhD докторы, Nazarbayev University профессоры Сұраған Дурвудхан Лондон Корольдік Колледжінде теориялық физика бойынша магистр дәрежесін алды.

2013 жылы жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Қонаев премиясымен марапатталды.

Сұраған Дурвудхан – 2018 жылы «The Ferran Sunyer i Balaguer Prize» халықаралық премиясының Азиядан шыққан алғашқы иегері атанған тарихтағы ең жас ғалым. Аталған премия математика саласындағы зерттеулерді ынталандыру мақсатында беріледі. Әр жылдары бұл марапатқа Антонио Амбросетти, Марк Горески, Тимоти Браунинг сияқты әлемнің танымал ғалымдары ие болды.

Тікелей эфир сағат 17:00-де Министрліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жүргізіледі.