Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарындағы қатаң есептегі құжаттардың 11 нысаны алынып тасталды. Бұл оқытушыларға сабаққа дайындалуға және кәсіби дамуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасына сәйкес нормативтік құжаттарды жүргізу бойынша талаптар жоғары оқу орындары оқытушыларының «қағаз» жүктемесін азайту мақсатында толығымен қайта қаралды.

Есептерді барынша азайту және жоғары оқу орындары оқытушыларын қағаз жүктемеден босату үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысанын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Абзац

Толығырақ ҚР БҒМ ресми сайтынан оқи аласыздар
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/mon-rk-prepodavateli-vuzov-dolzhny-byt-osvobozhdeny-ot-bumazhnoy-otchetnosti?lang=kk