Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде биыл орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жобалық басқаруды енгізіп жатыр. Бұл халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сапасын арттыру мақсатында жасалып жатқан шаралар.

ҚР БҒМ жобалық басқару әдістерімен Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асырып жатыр.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы өткізген «Qazaqstan Project Management Awards 2020» ұлттық конкурсының көздеген мақсаты – мемлекеттік органдарда жобалық менеджментті қолдау және жетілдіру.
БҒМ жобалық кеңсесі ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы өз жұмыс тәжірибесін ұсынып, жобалық басқаруды іске асыру бойынша 30 мемлекеттік орган арасында бірінші орынға ие болды.