Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Бір ай бұрын студенттермен кездесу кезінде министрлік жанынан Студенттік кеңес құрылатынын айтқан болатынмын.

Оның құрамыда әрбір ірі ЖОО-ның студенттері арасынан бір көшбасшы және республикалық жастар ұйымынан бір көшбасшы болады. ЖОО атынан қабылданған көшбасшылар студенттік өзін-өзі басқару органдарының төрағалары болуы керек.

Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңестің отырыстарында біз жастардың бастамаларын дамытуға және студенттерді қолдауға қатысты сұрақтарды, БҒМ құзыретіне кіретін барлық мәселелерді бірге талқылайтын боламыз.

Көшбасшылар маңызды мәселелерді көтеріп, бізге өз идеяларын тікелей бағыттауға мүмкіндік алады.

Толығырақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің парақшасынан оқи аласыздар.