Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Қазақстан құрама командасы 2020 жылдың 1-6 қазан аралығында онлайн режимде өткен математика пәні бойынша XXVII Халықаралық «Туймаада» олимпиадасына қатысты. Олимпиадаға Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Тәжікстан және Қазақстаннан 152 оқушы қатысып, бақ сынасты. «Туймаада» олимпиадасына Қазақстан құрама командасында болған 18 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы бір алтын, үш күміс, бес қола медальді жеңіп, алты құрмет грамотасын иеленді:

Олжабаев Асылбек;
Раушанов Марлен, Беремқұлов Алан, Бұрамбаев Тамерлан;
Сакенов Батырхан, Байшуақ Райымбек, Сейтенов Альдинаш, Омар Махмұт, Топоров Ярослав;
Әбдікәрімов Бексұлтан, Уколов Иван, Жеңіс Әліби, Әбу Әділет, Есенбай Байсейіт, Дүйсембаев Қозыкөрпеш.

Құрама команда мүшелерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!