Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігі еуропалық біліктілік санатымен сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін Болон процесінің хатшылығы қабылдады.

Енді 2021 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне еуропалық стандарттарға сәйкес жаңартылған қосымшалары бар диплом (Diploma Supplement) беріледі. Яғни еліміздегі жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады. Бұл шетелдік азаматтар тарапынан қазақстандық жоғары білімге деген қызығушылықты арттырады.

Толығырақ ҚР БҒМ сайтынан оқи аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/kvalifikacii-vypusknikov-kazahstanskih-vuzov-budut-priznany-za-rubezhom?lang=kk