Дереккөз: @edu_news_qz телеграмм каналынан.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басқа елдердегі Қазақстан елшіліктерінің өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар қазақстандық жоғары білім саласын интернационализациялау бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Министрлік тұжырымдамалар дайындап, 20 келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр, олар келесі мәселелерді қамтитын болады:

бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
* студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;
* жоғары оқу орындарында қос дипломды бағдарламалар ашу;
* тепе-тең негізде гранттар бөлу;
* білім туралы құжаттарды тану.

Алмасу бағдарламасы аясында жыл сайын шетелдік жоо-ларда 610-нан астам қазақстандық студент грант бойынша білім алады. Сонымен қатар еліміздің жоғары оқу орындарында квота саны артты, бүгінде 345-ке жуық шетелдік азаматтың Қазақстанда білім алуына болады.