Дереккөз:  https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/404241-shvetsiyada-y-aza-standy-studentter-o-uyn-to-tat-an-zho

Коронавирус пандемиясы Швециядағы қазақстандық студенттердің оқуына кедергі келтіре алмады. Лунд пен Мальме қалаларында біздің  отандастарымыз биология, су ресурстары, биомедицина мамандықтары бойынша оқуын жалғастырып жатыр.

Олардың арасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша барған студенттер мен докторанттар да бар. Осыған байланысты еліміздің дипломаттары аталған университеттерге барып, оқу орындарының басшылары және студенттерімен жүздесіп қайтты. Жалпы Лунд қаласындағы университет Швециядағы ең ежелгі оқу орынының бірі. Бұл білім ордасының жылдық бюджеті 836 миллион еуро. Оның 60 проценті ғылыми зерттеулерге жұмсалады. Ғылыми зерттеулерімен атағы шыққан оқу орны еліміздегі Лев Гумилев атындағы Еуразиялық университетпен, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен ынтымақтастық орнатқан.