Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Тәуелсіздік күні білім беру саласының қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

Педагогтер тұрғын үйді «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында және Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан Ипотекалық Компания» АҚ арасындағы меморандум шеңберінде алды.

«Бүгін еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні біздің әріптес-педагогтеріміз жаңа пәтерлердің кілттерін алуда. Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Қарағанды қалаларында да шамамен екі жүзден астам педагог пәтерге ие болды. Біз осы мереке күні әріптестеріміздің жаңа пәтерлерге орналасқанына өте қуаныштымыз. Әрине, енді біздің әріптестеріміз тұрғын үй мәселелеріне алаңдамайтын болады. Бұл – баршамыз үшін үлкен қуаныш», – деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.