Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/406502-tamyzda-bt-ta-y-tedi

Оған наурыз айындағы ақылы тестілеуге тіркелгендер мен маусымдағы тестілеуден сүрінгендер қатыса алады. «Құжат қабылдау 25 шілде мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі. Ал білім сынағы 17-20 тамыз күндері өтеді. Жаңадан өтініш берудің қажеті жоқ. Жеке кабинетке кіріп, өзгеріс енгізсеңіз болғаны: қай қалада және қандай тілде тест тапсыратыныңызды көрсету қажет. Аталмыш функцияны 7 шілдеден пайдалануға болады.