Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Жастар кадрлық резервінің өкілдерімен кездесу дәстүрге айналды. Өткен аптада кездесуміз екі сағаттан астам уақытқа созылды, бірақ бізге барлық мәселені талқылауға бұл уақыт аздық етті. Тағы бір кездесу өткізуге келістік.

Көптеген өткір мәселелер көтерілді. Жастардың көздері жанып тұр. Кездесуге тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Өзекті сұрақтар қойып, нақты ұсыныстарын айтты және нәтижесі үшін шынайы алаңдайтыны көрініп тұрды.

Бұл – Жастар кадрлық резервінің құрамында елінің келешегіне бей-жай қарамай, шын мәнінде оның дамуына үлес қосуға ниетті белсенді жастар бар екенінің дәлелі. Резервтің тізімі бекітілгеннен кейін біз бірден барлық қатысушымен таныстық. Жарты жыл ішінде бірқатар резервтегі маман әріптес атанды және өздерін жақсы жағынан көрсете білді.

Толығырақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің парақшасынан оқи аласыздар:
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10217130131661668