Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/po-faktam-narusheniya-prav-pedagogov-prinimayutsya-mery?lang=kk

 «Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында және Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер жергілікті жерлерде педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдап жатыр.

Лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Атап өтсек, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының м.а. педагогтерден артық есеп беруді талап еткені үшін және Түркістан облысының орта мектеп директоры педагогке өзіне тән емес функцияларды жүктегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар қаласының мектеп директорларына және аудандық білім бөлімдерінің меңгерушілеріне тәртіптік жаза қолданылды. Бірінші жағдайда мұғалімдерге қосымша ақы мен еңбек демалысының ақысын уақтылы төленбеу фактісі расталса, екіншісінде мектеп жөндеуге  қаражат жинау мәселесі бойынша ата-анадан өтініш келіп түсті.

Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері «Педагог мәртебесі туралы» Заңды және есепті қысқарту бойынша Білім және ғылым министрінің бұйрығын, сонымен қатар педагог құқығын қорғау бойынша басқа да нормаларды орындауға қатысты жұмыстарын жалғастырады.

Педагогтердің құқықтары бұзылған жағдайда аумақтық департаментке хабарласқан жөн екендігін естеріңізге саламыз.