Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Елімізде 3,3 млн астам оқушы бар. Оның 2,6 млн қашықтан оқып жатыр, шамамен 800 мың бала дәстүрлі форматта, яғни мектептерде білім алып жатыр.

:books:Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініштері негізінде кезекші сыныптарда оқи алады. Қазір кезекші сыныптарда 547 мың бала оқып жатыр. Бұл жалпы бастауыш сынып оқушыларының шамамен елу пайызы. Дегенмен, бұл көрсеткіш күнен күнге өзгеріп отыруы да мүмкін (ата-аналардың қалауы бойынша).

:books:Шағын жинақты мектептердегі 250 мың бала (1-11 сынып оқушылары) дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл негізінен шалғай аймақтардағы мектеп оқушылары.