«Bilgen» ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының бастамасымен елімізде алғаш рет электронды оқулықты әзірлеу, оның цифрлық технологиясы мен методикасын үйрету курсы бастау алды.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің оң шешімімен авторлар және баспа қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, біліктілігін арттыру мақсатында электронды оқулықты әзірлеу курсының бағдарламасы бекітілген болатын. 72 сағаттық электрондық оқулықтар даярлау(сараптау) курсының алғашқы легін «Алматы Кітап» баспасының мамандары өтті. Осыған орай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға сәйкес «Bilgen Academy» авторлар мен баспагерлерге арналған біліктілікті арттыру курстарын оқығанын растайтын, электрондық оқулықтың авторы (сарапшысы) ретінде сертификаттар берілді. Алдағы уақытта сапалы, цифрлық, жаңа заман талаптарына сай оқулықтардың саны арта түсетініне сеніміміз мол.

Толық ақпарат:
+7 727 327 83 27, center@bilge.kz