Мақала авторы: @Melia Maksat

Аналитикалық деректер: Serpin ұлттық білім және инновация палатасы

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.

Білім беру саласында күрделі өзгерістер мен жаңашылдықтар болып жатыр. Бұндай өзгерістер болашық ұрпаққа сапалы білім берумен байланысты.Еліміздің болашағы жастарда екені біздерге мәлім. Осы ұрпақты саналы да сапалы етіп тәрбиелеу ұстаздардың еншісінде. Мұғалім оқушыға білім беру мен қатар тәрбиелеп, сауатты тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтік ортаға бейімдейді. Сондықтанда мұғалімдер білім беру жүйесінде, қоғамда, әлемде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдықтардан тыс қалмауы кажет.

Осы орайда, Serpin ұлттық білім және инновация палатасы қашықтықтан білім беру жүйесі бойынша ата-аналар, ұстаздар арасында сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнамаға еліміз бойынша 32 255 мұғалім және 128 605 ата – аналар қатысты.

Сауалнама барысында ата-аналардың қашықтықтан білім беруге көңілдері толмайтындығын, себебі ата-анамен мұғалім екі түрлі түсіндіретіндігін басым көпшілігі таңдаса, мұғалімдер жұмыстарының екі еселенгендігін көрсетуде.

Сауалнама ата-аналарға бейімделген 5 сұрақтан құралса, мұғалімдерге жасалып жатқан жұмыстарының спецификасына сәйкес 5 сауал дайындалып жолданды. Өткізілген сауалнамалардағы сұрақтар әрі жауаптармен төмендегі суреттерде таныса аласыздар.