Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мектептердің білім беру сапасын арттыруды тапсырды.

Бұл мақсатқа біліктілігі жоғары мұғалімдерді даярлау жүйесін енгізу арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Осы мәселе туралы сөз қозғайық.

Болашақ ұстаздарды дайындаудың қолданыстағы жүйесі, әсіресе жоғары оқу орындарында берілетін білім сапасы жиі сынға алынып жатады. Бұл сын орынды.

Ескірген оқу бағдарламаларын, оқу барысында практикадан өту кезіндегі салғырттықты айтпағанда, статистикалық көрсеткіштердің өзінен бұл проблемалар айқын көрінеді.

Сарапшылардың айтуынша, орта білімнің сапалы болуының негізгі құрамдас бөліктері – мұғалімдік жұмыстың тартымдылығы, осы мамандыққа түсушілер арасындағы бәсекеге қабілеттілік, оларды оқуға қабылдау барысында мұқият іріктеу және білім беру бағдарламаларының сапасы.

Толығырақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің парақшасынан оқи аласыздар
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10217037757272366