Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Қабылданған Заңдағы маңызды нормалардың бірі – балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институтын енгізу.

Балабақшалар, мектептер мен колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтетін болады.

Үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары білім беру процесіне енгізілгенге дейін міндетті түрде сараптамадан және апробациядан өткізілетін болады.

Министрлік білім беру ұйымдарына алып кіруге және онда пайдалануға тыйым салынатын заттардың тізімін бекітетін болады. Бұл норма оқу орнында білім алушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін және алдын алу шараларын күшейту үшін енгізілді.

Заңда қашықтан білім беруге қатысты жаңа нормалар пайда болды. Қашықтан оқыту ұғымы және қашықтан оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыреті бекітілді.

Толығырақ ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің парақшасынан оқи аласыздар.