Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Қазақстан құрама командасы 61-ші Халықаралық математикалық Олимпиадада (International Mathematical Olympiad) үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды. IMO 2020 жарысына әлемнің 100-ден астам елінен жоғары сынып оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамында 6 адам болды.

“Олимпиада прокторинг жүйесі арқылы өтті. Жарыс бүгін ресми түрде аяқталады. Қазақстанның командалық нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарды. Алтын медаль жеңіп алуға бір ғана ұпай жетпеді. Негізінен біздің балаларымыз өте мықты. Әр бала өз алдына қойған мақсатына жете алады. Осы ретте балаларға қолдау көрсету маңызды. Ата-аналар мен педагогтерге бірлескен еңбегі үшін алғыс айтамын”, – деді құрама команданың жаттықтырушысы Қанат Сатылханов.

Ел намысын қорғаған команда құрамына Таир Сатубалдин (Алматы қ.), Тамирлан Бектемісов (Алматы қ.), Нұртас Шынтас (Алматы қ.), Юрий Тен (Алматы қ.), Данат Дүйсенбеков (Нұр-Сұлтан қ.) және Фетуллах Сам (Нұр-Сұлтан қ.) кірді.