Дереккөз: Білім және ғылым министрлінің телергамм каналынан @edu_news_qz.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 11 айдың ішінде телеграмдағы “BALA QORǴAÝ” чаты арқылы келіп түскен 2 мыңнан астам өтінішті қарастырды.

Әрбір жағдай барлық мән-жай анықталып, мәселе толық шешілгенге дейін бақылауда болады. Енді қазақстандықтар қажет болып тұрған көмек туралы шұғыл хабарлап, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардың кеңесін алу мүмкіндігіне ие.

Чатқа қосылу үшін Telegram қосымшасының ішінде “bala_qorgau” сөзін теру немесе https://t.me/bala_qorgau сілтемесі бойынша өту қажет.