Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Жаңа оқу жылында 787 колледж жұмыс істеуде. Онда 466 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Оқу жылы карантиндік шектеулерді ескере отырып қашықтан оқу форматында басталды.

Бірінші курста 148 414 студент оқып жатыр.
9 сыныптан кейін – 107 855 адам;
11 сыныптан кейін және ТжКБ базасында – 40 559 адам қабылданды.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 148 414 студенттің 94 770-і тегін, яғни грант арқылы оқуды бастады.

Педагогикалық, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, IT мамандықтар бойынша оқыту 100% қашықтан білім беру форматында жүргізіледі.

Техникалық, технологиялық, аграрлық, медицина және өнер мамандықтары бойынша теориялық сабақтар қашықтан өткізіледі.

Мамандықтардың ерекшелігіне байланысты зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика толық немесе ішінара қашықтан ұйымдастырылады.

Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын студенттер үшін ТжКБ ұйымдарының жатақханаларында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, оқыту үшін қажетті жағдайлар жасалды.