Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануымен колледж педагогтері де біліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады:
педагогтер лауазымдық жалақының 30-дан 50 пайызына дейін,
директорлар мен орынбасарлары жалақының 100 пайызына дейін.

Колледждерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту мақсатында «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылып жатыр.

Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұраныстарын ескеру үшін колледждерге академиялық еркіндік беру туралы заң жобасы қарастырылуда.

«Ақша студентпен бірге жүреді» принципі бойынша қабылдау тетігін енгізу колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Егер қазір өңірлік білім басқармалары конкурс өткізіп, колледждерге қанша орын берілетінін анықтаса, болашақта бұл шешімді студенттердің өздері қабылдайтын болады”, – деді Білім және ғылым министрі.

Толығырақ БҒМ сайтынан оқи аласыздар:
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/106942?lang=