Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграм каналынан @edu_news_qz.

Педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT бағыттар бойынша оқыту тек онлайн режимде жүзеге асырылып жатыр.

Жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер сияқты бағыттар бойынша оқыту оффлайн және онлайн оқытуды қолдана отырып, аралас форматта өтіп жатыр, тек лекция мен семинарлар онлайн жүргізіледі. Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтықты және санитарлық талаптарды сақтай отырып, күндізгі форматта ұйымдастырылып жатыр.