Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Біз ҚР БҒМ бұйрықтарына өзгерістер енгізіп, оқытушылар толтыратын құжаттар көлемін айтарлықтай қысқарттық. Қатаң есептілік нысандарынан 11 құжат алынып тасталды.

Оқытушының жүктемесі 800 сағатқа дейін жетсе, сабақтарға дайындалуға немесе ғылыми бағыттағы жұмыстармен айналысуға уақыт табу қиын. Сондықтан жақын арада Министрлікке қарасты жоғары оқу орындарына жаңа әдістеме ұсынылады.

2019 жылдың қыркүйегінде ректорларға жалақыны ішкі резервтер мен әкімшілік шығындарды қысқарту есебінен 25%-ға арттыру туралы тапсырма берген болатынмын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік білім беру грантының құны артып, оқытушылардың еңбекақысын көбейтуге мүмкіндік пайда болды.
1 қыркүйектен бастап орта есеппен ұлттық жоғары оқу орындарында жалақы көлемі 28%-ға, ал мемлекеттік жоғары оқу орындарында – 20%-ға өсті.

Толығырақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің парақшасынан оқи аласыздар.