Биылғы жылдың басты жаңалығы – оқу жылы Әліппемен бастау алатынында! Осы тұста Bilgen Academy орталығы жаңа заман ағымына қарай әмбебап жасалған – Bilgen Әліппе оқулығын шығарғанын естеріңізге сала кетсек. Себебі аталмыш оқулық жаңа технологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Бастысы оқулықта балалардың ойы мен тілін дамытуға назар аударылып, олардың дүниетанымын кеңейтуге барынша мән берілген. Bilgen Әліппенің мазмұны дидактикалық-әдістемелік, тақырыптық-сюжеттік нақтылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар балаларды жас кезінен халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрыпына баулу, отаншылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты көзделген.
Ең ұтымды тұсы – 4 дағды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), жазу каллиграфисы, сын жұмысына да дайындық топтастырылып, оқулық бөлек, дәптер бөлек болмайтындай, бір оқулыққа жинақталған.
Аталған оқу құралының артықшылығы білімпаздар қазіргі технологиялардың озық үлгісі QR-code арқылы смарт қосымшаға оқулықтың электронды нұсқасын енгізіп, еркін пайдалана алады. Ал Bilge bala мен Айкерім атты қос анимациялық кейіпкер өз кезегінде балақайларға оқулықтың ішіндегі бар дүниені түсіндіріп береді. Мобильді қосымша тегін жүреді.
Бағасы – 3500 тг
Егер, Bilgen Әліппені алғыңыз келсе:
+7 778 387 30 39 хабарласыңыз.