Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Жеңімпаздар қатарындағы 32 түлек кәсіпорын басшылары тарапынан ұсынылған жұмысқа шақырту алды. Жоба жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

2020 жылы конкурстың республикалық кезеңіне Қазақстанның 17 өңірінен 338 студент қатысты. Олардың қатарында үлгерімі жақсы студенттер, студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының көшбасшылары, “WorldSkills” халықаралық чемпионатының, түрлі олимпиадалардың, спорттық жарыстардың, инновациялық идеялар конкурстары және стартап-жобалардың қатысушылары мен жеңімпаздары бар.

Іріктеу 10-20 қазан аралығында “Talap” КЕАҚ сайтында онлайн дауыс беру арқылы өткізілді

1 Comment