Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Еліміздегі 145 колледж
өздерінің білім беру профиліне жатпайтын
біліктілік талаптарын сақтай алмайтын
330 мамандық бойынша енді студенттерді оқытпайтын болды.
Арасында еңбек нарығында сұранысқа ие болмаған мамандықтар да бар.

Студенттер мен ата-аналарға алаңдаудың еш қажеті жоқ. Білім алушылар оқуын аяқтады, ол үшін колледждерге мүмкіндік берілді. Бұған дейін берілген барлық дипломдар жарамды. Тек 145 колледж енді жекелеген мамандықтар бойынша студенттерді оқуға қабылдамайтын болды.

Мониторинг барысында колледж директорларымен бірге жүргізілген жұмыстың нәтижесінде осындай шешім қабылданды.

Толығырақ БҒМ ресми сайтынан оқи аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/106572