Дереккөз: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Енді жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау процедурасы жүргізілмейді.

2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады.

Мемлекеттік грант арқылы оқуға түскен студенттердің грантты жұмыспен өтеу шарттары жеңілдетілді. Енді түлектер тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істеп, гранттарын өтей алады. Басты шарт – дайындық бағыты (мамандығы) бойынша жұмыс істеуі тиіс.

Грант иегерін оқытуға мемлекет жұмсаған шығындарды өтеу бойынша жаңа норма енгізілді.

Қарамағында колледждері бар жоғары оқу орындары да техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру рәсіміне қатыса алады.

Толығырақ ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің парақшасынан оқи аласыздар.