Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

2-4 курс студенттері үшін оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап жоо-лар өз студенттері үшін таныстыру онлайн-кездесулерін өткізіп жатыр.

Оқытуды педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттар бойынша толық қашықтан оқыту форматына көшіру ұсынылады.

Жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер сияқты бағыттар бойынша оқытудың аралас форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді. Зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар кампус аумағында қазан айынан кейін басталады.

Офлайн режимде өткізілетін пәндер туралы ақпарат алу үшін студенттер жоғары оқу орындарына хабарласу керек.

Оқу құралдары және Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.