Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.
Күзгі семестр қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады.
Оқу 1 қыркүйекте басталады. Бұл күні барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді.
1 курс студенттері үшін 24 тамыздан бастап жоо саясатымен және қашықтан оқыту форматымен танысу үшін онлайн-режимде бағдарлау апталығы өткізіліп жатыр.
Оқу құралдары және Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.