АНОНС.з: Білім және ғылым министрлігінің телеграмм каналынан @edu_news_qz.

Бүгін сағат 15:00-де педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтеді.

Тақырыбы: «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері»

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі тамыз кеңесін онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылдады. Іс-шара ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Тамыз кеңесі аясында өткен оқу жылының қорытындысы талқыланып, алдағы оқу жылына арналған міндеттер мен еліміздің білім және ғылым жүйесін дамыту перспективалары белгіленеді.