ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген жалпы білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында ХХІ республикалық Абай оқуларын 23-25 тамыз күндері аралығында өткізді. Еліміздегі індетке байланысты Абай оқулары онлайн режимде ұйымдастырылды.

Абай оқуларының аудандық кезеңіне 13625 оқушы, облыстық кезеңіне 1759 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 120 оқушы 6 номинация бойынша бәйгеге түсіп бақтарын сынады.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 48 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен марапатталды.